Медицина қызметкерлері күніне арналған марапаттар

 

Маусым 13, 2025

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ҚДИАҒО үздік медицина қызметкерлерін марапаттады.

Мереке құрметіне арналған салтанатты жиында ҚДИАҒО директорының м.а. Ұ.Ш. Медеубеков Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің марапаттарын табыстады. Марапатталғандар арасында:

- эпид. мониторинг бөлімінің эпидемиолог дәрігері  Ганина Лолита Юрьевна "Еңбек ардагері" медалімен;

- стационарлық бөлімшенің аға мейіргері Үшурбакиева Жанна Серікболқызы "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен;

- санитар Абанова Майра Қажымұханқызы "Құрмет грамотасымен";

- шаруашылық бөлімнің меңгерушісі Власова Галина Алексеевна "Алғыс хатпен";

- санитар Аюпова Динара Райдиновна "Алғыс хатпен";

- мейіргер Анапияева Қарлығаш Тұрсынғазықызы "Алғыс хатпен" марапатталды.

Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оспанов Болат Мұсағажинұлы алғыс хаттарды табыс етті.

Кәсібіне деген адалдығы мен абыройлы еңбегі үшін  аға зертханашы Кулигина Галина Сергеевна, мейіргер Омарова Венера Зихруллаевна, санитарлар Айтмұратова Жұмабике Тазабайқызы, Коккозова Кульгайша Алимақынқызы және Райсова Камила Насировна марапатталды.

Марапаттау қызметкерлер үшін жағымды тосын сый ғана болмады, сонымен қатар олардың жалпы іске қосқан үлесін жоғары бағалаудың жарқын дәлелі болды. Олардың кәсібилігі, пациенттерге деген құрметі және денсаулық сақтау жүйесіндегі көп жылдық адал жұмысы ерекше атап өтілді.

Салтанатты рәсімде басшылық пен әріптестер өздерінің алғыстарын білдірді, олардың көпшілігі осындай мамандар медицинаның бет-бейнесін қалыптастыратынын және шынайы құрметке лайықты екенін атап өтті.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

барлық жаңалықтар »