Қазақ тілін оқыту жөніндегі семинарға қатысу

 

Маусым 11, 2025

Алматы қ. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында 2025 жылы  10 маусымда Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне қазақ тілін оқыту технологиялары» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға ҚДИАҒО-ның мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маманы Ұ.Исаева қатысты.

Семинардың мақсаты - медициналық мекемелердің қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ заманауи технологиялар арқылы әдістемелік қолдауды кеңейту. Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу, сонымен қатар тіл саласындағы мамандардың тәжірибе алмасуы және өзара іс-қимыл жасауы үшін алаң құру мәселелері талқыланды.

Семинарға Алматы қаласы республикалық медициналық мекемелеріндегі мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі мамандар, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ тілдік пәндер кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ еліміздің өңірлерінен медициналық оқу орындарының өкілдері онайн және офлайн форматта қатысты.

Ұ. Исаева қазақ тілін оқыту мәселелері жөнінде ой-пікірлерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушыларға сертификат берілді.

барлық жаңалықтар »