Жетісу облысында ЖИТС-тің алдын алу бойынша түсіндіру шаралары.

 

Мамыр 20, 2025

ШЖҚ «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» МКК мамандары жастардың репродуктивті денсаулығы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша олардың хабардарлығын арттыруға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысуда.

Апта аясында білім беру мекемелерінде және жастар орталықтарында семинарлар мен дәрістер өткізілді. Кездесулердің негізгі тақырыптары: жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, АИТВ мен ЖЖБИ-дің берілу жолдары, заманауи алдын алу әдістері және қауіпсіз мінез-құлықтың маңыздылығы болды. Мамандар АИТВ жөніндегі аңыздарды жоққа шығаруға және жастар мен жасөспірімдер арасында жеке жауапкершілік қалыптастыруға ерекше назар аударды.

Ағартушылық іс-шаралар қатысушылар – мектеп оқушылары, студенттер мен педагогтер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Олар белсенді түрде пікірталасқа қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Мұндай ашық диалог жасөспірімдер арасында өз денсаулығына деген жауапты көзқарастың қалыптасуына және әлеуметтік маңызы бар аурулар туралы хабардарлықтың артуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, медициналық колледж студенттерімен кездесулер өткізілді, ал «Көркем» ЖШС бизнес-орталығында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық материалдар таратылды. Қосымша ретінде дәрігерлермен онлайн-кездесулер мен мамандардың кеңестері ұйымдастырылды.

Мұндай іс-шараларды өткізу жастар арасында аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Репродуктивті және сексуалдық денсаулық бойынша ағарту жұмыстары неғұрлым ерте басталса, саналы әрі салауатты ұрпақ тәрбиелеу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

барлық жаңалықтар »