Сыбайлас жемқорлыққа қарсы і-қимыл –  әрбір азаматтың міндеті

 

Мамыр 19, 2025

ҚДИАҒО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама тақырыбында кеңес өтті. Қатысушылар негізгі заңнама ережелерін, қызметкерлерге қойылатын талаптарды, сондай-ақ мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу тәртібін қарады.

 

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде адам өмірінің барлық салаларына кері әсер етеді, әлеуметтік-экономикалық даму процесін тежейді, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне нұқсан келтіреді. Кеңес барысында ҚДИАҒО қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылық және моральдық бағдарларды, сыбайлас жемқорлық қызметінің алдын алу шараларын және заңнаманы қолдану тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған бейнематериалдар көрсетілді. Этикалық нормалар мен құқықтық талаптарды сақтау мәселелерінде әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Іс-шарада қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық көріністерімен байланысты қауіптер туралы үнемі хабардар ету және оқыту іс-шараларын ұйымдастыру қажеттілігі атап өтілді.

 

барлық жаңалықтар »