Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Мамыр 19, 2025
Астанада 15-16 мамырда IX Еуразиялық дерматология, косметология және эстетикалық медицина конгресі өтті.
Конгресске Қазақстаннан және әлемнің басқа елдерінен 500-ден астам маман қатысты. Қатысушылар арасында дерматолог, косметолог, эстетикалық медицина саласындағы мамандар, трихолог, дермато-онкологтар, сондай-ақ жас ғалымдар мен фармацевтика саласының өкілдері болды.
Іс-шарада ҚДИАҒО стационарлық бөлімшесінің меңгерушісі Айнұр Таубаева "ҚР-да буллезді эпидермолиздің эпидемиологиясы, әлеуметтік маңыздылығы, оны емдеудің қолжетімді нұсқалары" тақырыбында баяндама жасады. Ол баяндамасында ауруды диагностикалау және емдеу мәселелерін айтты. А. Таубаева буллезді эпидермолизді емдеу тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ ҚДИАҒО-дағы жетістіктерді атап өтті.
Доктор Айнұр Таубаева көп жыл бойы осы мәселені зерттеп келеді. Жаңашыл дәрігер ретінде ол ауруды емдеумен ғана емес, оны зерттеумен де айналысады. Конгрессте Айнұр Таубаева буллезді эпидермолизді емдеуге қосқан елеулі үлесі үшін "Көбелек балалар" қоғамдық қорынан алғыс хат алды.