Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
Қараша 22, 2022
22 қарашада Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжінде "ЭФЬЮ Қазақстан" қоғамдық қорымен серіктестікте, Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы AFEW Kazakhstan Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған, «Теңдік уақыты» дүниежүзілік науқан аясында қауіпсіздік марафонын өткізді.
Қауіпсіздік марафоны АИТВ-ға байланысты әртүрлі интерактивті байқаулардан тұрды, олардың барысында тапқырлық, білім, шығармашылық таныту қажет болды. Соңында әр команда сыйлықтар алды.
Қазылар алқасы барлық қатысушылардың тақырыпты жақсы білетінін, АИТВ-ның алдын алу шараларына қызығушылық танытатынын атап өтті.
Алғыс білдіреміз:
Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжіне, сіздің колледжде акция өткізу мүмкіндігі үшін.
Сондай-ақ қатысқан барлық колледждерге:
@Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжі.
@ Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты.
@Алматы экономикалық колледжі.
@Еуразиялық техникалық-экономикалық колледжі.
@Алматы технологиялар және флористика колледжі.
Акцияны өткізгені үшін чемпиондарға алғыс айтамыз @dance4life.kz
Демеушілік көмек көрсетілді: ОЮЛ "Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ" Управление ООН по наркотикам и преступности Қазақстандағы есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ басқармасы Алматинская модель по контролю над эпидемией ВИЧ .
Іс-шара "Қазақстандағы гендерлік теңсіздікке және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жастарды жұмылдыру" жобасы аясында, БҰҰ демократия @Қорының қаржылай қолдауымен өтті.