Әріптестікті нығайту мақсатында

 

Қараша 18, 2022

18 қарашада Қарағандыда облыстың мемлекеттік және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарының өкілдері халықтың негізгі топтары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін профилактикалық қызметтерді алудың тұрақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады.

Ұйымдастырушы – ҚДИАҒО, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі жаһандық Қормен және "КАМЕДА" ҚҚ-мен серіктестікте мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың әріптестігін нығайту жөнінде кеңес өткізді.

Кеңестің мақсаты - АИТВ-ның алдын алуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша әріптестік қатынастар негізінде тиімді жұмысты қамтамасыз ету, мемлекеттік қаржыландыруды алу мәселелерінде ҮЕҰ қызметін үйлестіру.

Қатысушылар үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстың тиімділігін дәлелдейтінін атап өтті, өйткені ҮЕҰ "Тең – тең" қағидаты бойынша жұмыс жүргізуге байланысты халықтың негізгі топтарына жақсырақ қолжетімділікте бола алады және профилактикалық бағдарламалармен көбірек қамтылады. Азаматтық қоғам өкілдері АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға күтім жасау және қолдау бойынша профилактикалық іс-шаралар мен шараларға белсенді қатысады.

Азаматтық қоғамды дамыту мемлекеттік саясаттың басымдықтарына кіреді, ҮЕҰ қызметін қаржылай қолдаудың бірнеше тетіктері жұмыс істейді, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (МӘТ) арқылы ҮЕҰ орындауға жекелеген әлеуметтік функцияларды беру саласы белсенді дамып келеді. Жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру мақсатында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексіне жергілікті атқарушы органдарға МӘТ орналастыру үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыруды көздеуге өкілеттік беру бастамасы қойылды.

Халықаралық донорлардың гранттарды бөлуі жылдан жылға қысқарып келеді және ҮЕҰ – ның қатысуымен профилактикалық іс-шараларды өткізуге мемлекет тарапынан қолданыстағы қаржыландыру құралдары - МӘТ және жергілікті бюджет қаражатынан гранттар арқылы қолдау ерекше маңызды болып тұр.

Сондай-ақ, ҮЕҰ өкілдері жеткілікті потенциалға ие екенін, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау қажет екенін атап өтті, сондықтан халықтың негізгі топтарымен жұмыс істейтін ҮЕҰ-ға қаржыландыруды және мемлекеттік гранттарды бөлу аса маңызды.

барлық жаңалықтар »