ЖИТС орталықтарының баспасөз хатшылары білімдерін толықтыруда парталарға отырды

 

Сәуір 19, 2022

19-20 сәуірде Алматыда ЖИТС өңірлік орталықтары мен психикалық денсаулық орталықтарының баспасөз хатшылары апиын агонистерімен қолдау терапиясы (ААҚТ) бағдарламасы бойынша хабардарлықты арттырды.

 Қатысушылар ААҚТ туралы ақпараттың ақиқатын, өтірігін және манипуляциясын анықтауға, дұрыс лексиканы қолдануға, сайттарға материалдар жазуға, шығармашылық мазмұн жасауға үйренді. Алматыдан келген бағдарламаға қатысушылармен және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық одағының директоры О.Ибрагимовамен кездесу көптеген күмәнді ақпараттарды сейілтті және тақырыптың егжей-тегжейін түсінуге мүмкіндік берді.

Тренингті Республикалық психикалық денсаулық орталығы ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресуге арналған Жаһандық қормен серіктестікте ұйымдастырды. Қатысушылар жаңа біліммен ғана емес, сонымен қатар тақырыпты поляризациялау идеяларымен де толығып қайтты.

ААҚТ бойынша пилоттық жобаны Қазақстанда 2008 жылдан бастап іске асыра бастады. Бүгінгі таңда терапия 10 облыста жүргізіледі: Павлодар, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Орал, Рудный, Қостанай, Екібастұз, Атырау, Тараз, Теміртау, Қызылорда, Лисаков. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бағдарламаға қатысушылар саны 277 адамды құрады.

 

барлық жаңалықтар »