Жаңалықтар

Маусым 13, 2025

Құрметті әріптестер! Сіздерді Медицина қызметкері күнімен құттықтаймыз!
Құрметті әріптестер! Сіздерді Медицина қызметкері күнімен құттықтаймыз!
Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен мейірімдеріңіз ауруына шипа іздеген әрбір науқас жанның жүрегіне үміт пен жылулық сыйласын! Өмірлеріңіз жақсылыққа, әр күніңіз қуаныш пен берекеге толы болсын! толығырақ »

Маусым 13, 2025

Медицина қызметкерлері күніне арналған марапаттар
Медицина қызметкерлері күніне арналған марапаттар
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ҚДИАҒО үздік медицина қызметкерлерін марапаттады. толығырақ »

Маусым 13, 2025

Алдын алу – басты бағыт: Алматы облысында АИТВ-ға қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Алдын алу – басты бағыт: Алматы облысында АИТВ-ға қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2025 жылдың маусым айында ШЖҚ «Алматы облыстық ЖИТС-нің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог маманы Н. Касымов Алматы облысына қарасты бірнеше ауданда АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. толығырақ »

Маусым 12, 2025

Медицина студенттері еріктілер сертификаттарын алды
Медицина студенттері еріктілер сертификаттарын алды
2025 жылғы 11 маусымда Орал қаласында Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттеріне салтанатты түрде еріктілер сертификаттары табыс етілді. толығырақ »

Маусым 11, 2025

Көкшетаудағы АИТВ-ның алдын алу бойынша алғашқы жазғы акциясы
Көкшетаудағы АИТВ-ның алдын алу бойынша алғашқы жазғы акциясы
11 маусымда Көкшетау орталық қалалық саябағында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша алғашқы жазғы акциясы көңілді де,  белсенді басталды. толығырақ »

Маусым 11, 2025

Қазақ тілін оқыту жөніндегі семинарға қатысу
Қазақ тілін оқыту жөніндегі семинарға қатысу
Алматы қ. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында 2025 жылы  10 маусымда Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне қазақ тілін оқыту технологиялары» тақырыбында семинар өтті. толығырақ »

Маусым 11, 2025

Атырауда лепраның алдын алу жөнінде өткен семинар
Атырауда лепраның алдын алу жөнінде өткен семинар
5 маусымда Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерде Хансен (лепра) ауруының алдын алуға арналған семинар өтті. толығырақ »

Маусым 11, 2025

ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесу: 95-95-95 мақсатына жету қадамы
ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесу: 95-95-95 мақсатына жету қадамы
Ақтөбе ЖИТС орталығында АИТВ-инфекциясын анықтау және ЮНЭЙДС-тің "95-95-95" жаһандық стратегиясын іске асыру саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. толығырақ »

Маусым 11, 2025

СҚО медицина қызметкерлерінің спартакиадасы
СҚО медицина қызметкерлерінің спартакиадасы
АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары медицина қызметкерлерінің спартакиадасына қатысты. толығырақ »

Маусым 5, 2025

Жаһандық қордың портфолио менеджерімен кездесу
Жаһандық қордың портфолио менеджерімен кездесу
4 маусымда ҚДИАҒО-ға ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың (ЖҚ) портфолио менеджері Цовинар Саканян жұмыс сапарымен келді. ҚДИАҒО директорының м.а. Ұлықбек Медеубеков ЖҚ өкілін Қазақстандағы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалмен, "95-95-95" стратегиясын іске асырудағы жетістіктермен, халықтың негізгі топтарымен жұмыс істеу жағдайымен, сондай-ақ АИТВ-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жаңа Жол картасын әзірлеу туралы жоспарлармен таныстырды. «Қазақстандықтардың 20 пайыздан астамы жыл сайын АИТВ-ға тестілеуден өтеді. Елімізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған барлық 12 профилактикалық бағдарлама енгізілді», - деп атап өтті Ұлықбек Шалқарұлы. Цовинар Саканян ЖҚ бағдарламаларын іске асырып жүрген командаға тиімді және мақсатқа сай атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Ол бүгінде Қазақстан АИТВ емдеуде инновациялық тәсілдерді енгізу саласындағы ізашарлардың бірі болып табылатынын атап көрсетті. Сонымен қатар ол жекелеген донорлар тарапынан қаржыландырудың ықтимал тұрақсыздығына назар аударды, бұл ұлттық салымды уақтылы жоспарлауды және күшейтуді талап етеді. Сапар аясында АИТВ бағдарламаларының тұрақтылығын нығайту және институционалдық қолдау жөніндегі қадамдар талқыланды. толығырақ »