Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
Шілде 24, 2020
Өзіңізді АИТВ-жұқпасынан қалай қорғауға болады - осы және басқа да көптеген сұрақтарға Павлодар радиосының эфирінде ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығының қызметкерлері жауап берді.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілген АИТВ туралы әңгіме барысында бағдарлама спикерлері - ЖИТС орталығының баспасөз хатшысы Р. Апаева және маман Н.Давлячина сандар мен фактілерге сүйенген: апта сайын 15-24 жас аралығындағы жеті мыңға жуық жас әйел АИТВ жұқтырады. Африка елдерінде жасөспірімдер арасында жұқтырудың төрт жаңа жағдайларының үшеуі қыздарға тиесілі. 15 жастан 24 жасқа дейінгі жас әйелдердің АИТВ-мен өмір сүруі ықтималдығы ерлермен салыстырғанда екі есе жоғары.
Бағдарлама авторлары қорытындылады: АИТВ мәртебеңді білу қажеттілігі айқын. Жастарды тестілеуге шақырған кезде мамандар негізгі ережелерді сақтау арқылы АИТВ-жұқпасының алдын алуға болатындығын атап өтті. Салауатты өмір салтын жүргізу, бір серіктеспен жыныстық қарым-қатынас құру, бұл ретте контрацепцияның тосқауылдық әдісін қолданып, мүшеқапты пайдалана отырып, бір рет қолданылатын еккіштерді пайдалану керек, ал жүкті әйелдерге міндетті түрде АИТВ-ға тексеруден өту қажет.