Көңіл айту Аса құрметті Гүлнар Рыскелдіқызы!

 

Шілде 17, 2020

       Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының ұжымы Қазақстан дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қауымдастығының Президенті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Батпенова Гүлнар Рыскелдіқызына жолдасы Батпенов Нұрлан Жұмағұлұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады

       Қазақстандық медицина жұртшылығы үшін бұл орны толмас ауыр қаза болды, ол кісі туралы және атқарған абыройлы еңбегі жайлы естелік ол кісімен жұмыс істеу бақытына ие болған адамдардың жүрегінде мәңгі қалады.

      Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Травматология және ортопедия ҒЗИ директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Н.Ж.Батпеновтың жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталатын болады.

      Осы қиын күндері, Гүлнар Рыскелдіқызы, сіздің қайғыңызға ортақтасып, қолдау көрсетеміз.

 

Аза тұтып, әрқашан есте сақтаймыз!

 

Құрметпен,  

ҚР ДСМ «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК ұжымы

барлық жаңалықтар »