Павлодарда сенім пункттері қызмет етуде

 

Шілде 16, 2020

Павлодар облысында халықтың осал топтары үшін 12 сенім пункттері және 3 жылжымалы пункт қызмет етеді. COVID-19 індеті кезеңінде ЖИТС орталығының сенім пункттерінің медициналық қызметкерлері жұмыстардың өсіп келе жатқан көлемін ең жақсы түрде ұйымдастырды.

 

ЖИТС орталығының жылжымалы мобильді тобы кесте бойынша халықтың осал топтары орналасқан жерге барады және оларға еккіштер, мүшеқаптар, дезинфекциялық құралдар, маскалар, ақпараттық-білім беру материалдарын жеткізеді. Осал топтарды жинау орындарында мейірбикелер АИТВ-жұқпасының, гепатиттің және жыныстық жолмен берілетін жұқпалардың алдын алу мәселелері бойынша әңгімелесулер, кеңес береді.

Сол жерде ЖИТС орталығының қызметкерлері АИТВ-ға тестіні екі жолмен жүргізеді: капиллярлық әдіс және тамыр маңы сұйықтығы бойынша жедел-тестілеу жүргізеді. Жылжымалы мобильді топ пайдаланылған еккіштерді бір реттік еккіштерге ауыстыруды жүзеге асырады, сондай-ақ медициналық қалдықтарды жинауды жүргізеді. Екібастұз сенім пункттерінің мейірбикелері негізгі жұмыстан басқа блок-бекеттерде, Ақсу қаласында – қан алуда. Павлодарда мейірбикелер орталыққа келушілер мен қызметкерлердің дене қызуларын өлшеуге жауапты.

ЖИТС ОО сенім пунктінің аға мейірбикесі Т.Рябцева әріптестерімен бірге індет кезінде инъекциялық есірткіні, МСМ, секс қызметкерлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратындай жұмыс жасауды жоспарлап отыр.

барлық жаңалықтар »