Ақпарат артық болмайды

 

Маусым 4, 2020

Біздің барлығымызға «Предупрежден - значит вооружен» деген мақал белгілі, ол біздің өмірімізде ақпараттың маңыздылығын өте жақсы ашады. Дұрыс ақпарат дұрыс емес әрекеттерге жол бермеуге ғана емес, өзіне және басқа адамдарға дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырады.

 

Егер біз АИТВ-инфекциясы туралы айтатын болсақ, онда берілу жолдары мен алдын алу шараларын білу өте маңызды. Естеріңізге сала кетейік, берудің тек үш жолы бар:

- қан арқылы;

- жыныстық жолмен;

  • анадан балаға.

АИТВ-НЫҢ МЫНАЛАР АРҚЫЛЫ БЕРІЛМЕЙТІНІН ТҮСІНУ МАҢЫЗДЫ: қол алысу және құшақтау, сүйісу, моншаға, бассейнге, ваннаға бару, жалпы ыдыс-аяқ пен асхана құралдарын, төсек жабдықтарын пайдалану, жәндіктердің шағуы арқылы.

 

Ақмола облысында АИТВ-инфекциясы бойынша билбордтарда 6 баннер, аялдамаларда 4 баннер орналастырылды, қоғамдық орындар мен сауда үйлерінде бейнероликтер (01.06.2020 – 55 010 рет) және аудиороликтер (01.06.2020 – 98 925 рет) трансляциясы жүргізілуде. Барлық осы шаралар карантин және жаппай іс-шараларға тыйым салу кезеңінде облыс тұрғындарының АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

 

барлық жаңалықтар »