Қоғамдық қолдау және назар аударудың нышаны

 

Маусым 4, 2020

2020 жылдың үшінші маусымында Семей қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер-валеологы Аяулым Еркінқызы "Твк-6" арнасындағы "Айтарым бар" телевизиялық бағдарламасына қатысты.

Дәрігер-валеолог эфирге жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу қабылданғанын айтады. Биыл бұл күн 17 мамырға түсті. Дәрігер-валеолог жүргізушілермен бірге статистиканың, жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстың, АИТВ-инфекциясын емдеудің мәселелерін талқылады, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдар тап болатын стигма мен кемсітушілік туралы айтты.

 

Бағдарлама соңында орталық маманы көрермендерді өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыра отырып, АИТВ-инфекциясына дер кезінде тестілеуден өтуге шақырды.

барлық жаңалықтар »