Жезқазған қаласындағы Индустриалды-гуманитарлық колледжінде «Қауіпсіздік маршруты» интерактивті ойыны

 

Ақпан 8, 2020

04.02.2020ж.  Қарағанды облыстық ЖИТС- тің алдын алу және күресу жөніңдегі Жезқазған бөлімінің педагогы  Г. Беспаева Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжінің студенттері арасында «АИТВ – жұқпасы мен ЖЖБЖ ауруларының алдын алу» тақырыбында интерактивті ойыны өткізілді.

 

Мақсаты: студенттерді  АИТВ-ның алдын-алу туралы ақпараттандыру. Облыста және аймақта АИТВ-жұқпасының  таралуы,  жұқпалардың таралу жолдары, АИТВ-жұқпасының және ЖЖБЖ-дың  алдын-алу шаралары туралы ақпарат берілді. Оқушылар ойынға белсенді қатысып, көкейлеріндегі  мазалайтын сұрақтарды  қойды.

 

Колледж студенттері күнделікті өмірде кездесетін мәселелерін талқылауға белсенді қатысты. Бейне жазба көрсетіліп, оқу ағарту материалдары таратылды.   Іс-шараға 25 адам қатысты.

барлық жаңалықтар »