Лекция « ВИЧ – тіңалдыналу», тренинг «Инфекцияныңтаралужолдары»

 

Ақпан 13, 2020

Балқаш қалалық А. Батырбекова,СПИД бөлімінің дәрігер - эпидемиологы №5 жалпы білім беру орта мектебінің жоғарғы сынып (9-10-11с)   оқушылары мен педагогтары арасында «ВИЧ – тіңалдыналу» туралы лекция оқыды.

Лекцияда аурудың таралу жолдары,  клиникалық белгілері, экспресс – тест өткізу, зертханалық тексерудің маңызы, нашақорлық пен ішімдіктен аулақ болу, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмірсалтын сақтаудың маңызы және осы аурудың алдын алу жолдары туралы айтылды. Сонымен қатар, «ВИЧ – жұқпасы мен өмір сүру.

 

ВИЧ туралы не білеміз?» тақырыптары бойынша мектеп оқушылары үшін дайындалған видеороликтер көрсетілді. 

 «ВИЧ – инфекциясының жұғу жолдары»  тренингі өткізілді. Лекция тыңдаушылар  ВИЧ – тің жұғу жолдарын дұры санықтады. 

Сұрақтар қойды.   

Лекцияға  56 адамқатысты.

барлық жаңалықтар »