Ақтөбе қ. ҚАЖД-мен кеңес

 

Ақпан 10, 2020

2020 жылы 05 ақпан күні Ақтөбе облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында ҚАЖД өкілдерімен «ҚАЖД жүйесінде АИТВ-жұқпасын алдын алу» тақырыбында ведомствоаралық жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске ҚАЖД қызметкері және КА 168/2,168/3 медицина қызметкерлері қатысты

 

Кеңесте АИТВ-жұқпасының дертіне қарсы іс-әрекеттер бойынша маңызды сұрақтар, ҚАЖД мекемелерінде АИТВ-жұқпасының алдын алу, 2019 жылдың пенитенциарлықжүйеде АИТВ-жұқпасына тексерілудің талдауы туралы талқыланды.

 

Сондай-ақЖИТС орталығының дәрігер лаборанты А.Шегреева зерханалық ақпараттық жүйе (LISK-Lab), АИТВ-жұқпасына қан алу жолдамаларын рәсімдеу, биоматериалдарды ЖИТС орталығының зерханасына тасымалдау туралы айтып берді.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар алдын алу бағдарламаларын одан әрі сапалы жүзеге асыру және ведомствоаралық деңгейдегі проблемалық мәселелерді шешу туралы келісті.

 

 

барлық жаңалықтар »