Павлодарда короновирустық жұқпа бойынша семинар

 

Ақпан 5, 2020

          Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығында медицина қызметкерлеріне арналған короновирустық жұқпаның алдын алу бойынша семинар өтті.

 

             ЖИТС ОО-ның эпидемиолог-дәрігері М.Сәрсембенова семинарға қатысушыларды короновирустық жұқпаға күдік кезінде медицина қызметкерлерінің әрекет алгоритмімен, әлемдегі эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Басты назар короновирустық жұқпаның алдын алу мәселелеріне арналды. Алдын алу шаралары қорғаныс құралдарын қолдануды қамтиды: бұл масканы киіп жүру, қолды жиі жуу, жаппай іс-шаралар орнынан аулақ болу, дене қызуы жоғарылаған кезде дәрігерлерге дер кезінде қарану.

барлық жаңалықтар »