Алматыда АИТВ, туберкулез және гепатит салаларындағы жетекші әлемдік ғалымдар жиналды.

 

Қараша 18, 2019

18-19 қарашада Алматыда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, Шығыс Еуропа және Орталық Азия (ШЕОА) аймағында АИТВ, туберкулез және гепатит мәселелеріне арналған ШЕОА INTERACT 2019  атты бірінші ғылыми семинар өтіп жатыр.

Халықаралық оқыту іс-шарасын Амстердам жаһандық денсаулық сақтау және даму институты (AIGHD), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы, AFEW Kazakhstan және AFEW International коммерциялық емес ұйымдары ұйымдастырып отыр, аймақта   алғаш рет өткізіліп жатыр.

 

Алматы қ. Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия және басқа да елдерден белгілі зерттеушілер жиналды. Екі күн бойы семинарға қатысушылар ғылыми базаны күшейту және аймақтағы жағдайды жақсарту мақсатында АИТВ, туберкулез (ТБ), гепатиттерді емдеу саласындағы соңғы ғылыми зерттемелермен, тәжірибемен бөлісуде.  

 

"AFEW Шығыс Еуропа және Орталық Азия аймағында 20 жылға жуық жұмыс істейді және аймақтағы АИТВ, туберкулезге және гепатитке қатысты деректер жетіспеушілігін үнемі бастан кешіруде, - дейді ШЕОА INTERACT 2019 семинарының халықаралық ұйымдастыру комитетінің мүшесі Анке ван Дам, AFEW International директоры. Бұл деректер ауруларға қарсы күрес стратегиясын құру үшін өте маңызды. Біздің семинардың мақсаты - аймақтағы зерттеулерді дамытуға ынталандыру және әртүрлі елдердің жетекші ғалымдары мен болашақта аймақтағы денсаулық сақтау және зерттеу мәселелерінде көшбасшылық таныта алатындар арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу".   

 

ШЕОА – АИТВ індеті әлі де жылдам қарқынмен өсіп келе жатқан әлемдегі жалғыз аймақ. ЮНЭЙДС бағалауынша, 2018 жылғы жағдай бойынша Шығыс Еуропа және Орталық Азия аймағында 1.7 млн. жуық адам АИТВ-мен өмір сүреді. 2018 жылы шамамен 38 000 адам ЖИТС-тен қайтыс болды.  

 

Аймақтағы елдерде АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың, сондай-ақ АИТВ, ТБ және гепатит індеттеріне шалдыққан топтардың алдын алу және емдеу қызметтеріне қол жеткізуінде елеулі кедергілер әлі де сақталып отыр. Мысалы, ШЕОА елдерінде АИТВ індеті көбінесе негізгі топтар арасында, атап айтқанда инъекциялық есірткілерді тұтынатын адамдар арасында шоғырланғанына қарамастан, мұндай адамдарды зиянды төмендету бағдарламасымен және басқа да профилактикалық қызметтермен қамту ауру жұқтырудың жаңа жағдайларын қысқарту үшін жеткіліксіз болып қалады. Аймаққа нақты елдердегі жұмыс жағдайына бейімделетін өте тиімді профилактика, емдеу, күтіп-қарау және қолдау стратегиясы шұғыл қажет.

 

«ШЕОА INTERACT ғылыми пікірталаста, тәжірибе алмасуда туындаған мәселелерді талқылау үшін тиімді форум болады деп үміттенемін, алдағы және ұзақ мерзімді перспективаларға қажетті акценттерді қолдануға, көптеген қатысушылар тобына  осы мәселелер бойынша жаңа әдістермен, зерттемелермен және тәсілдермен танысуға мүмкіндік береді. Жұмыстар лайықты бағаланып, кері байланыстар жолға қойылады, ғылыми орта мен одан әрі ынтымақтастық пен инвестициялау географиясы кеңейтіледі. Бұл жұмыс ЮНЭЙДС 90-90-90 мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет, - деді Бауыржан  Байсеркин, ШЕОА INTERACT 2019 семинарының жергілікті комитетінің басшысы; медицина ғылымдарының докторы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры.  

 

ШЕОА NTERACT 2019 семинарына дайындық барысында инновациялық тәсіл пайдаланылды, оның аясында халықаралық ұйымдастыру комитеті бағдарламаны әзірлеумен айналысты. Оның құрамына әлемнің түрлі елдерінен АИТВ, ТБ және гепатит саласындағы сарапшылар кірді, олардың ішінде ШЕОА аймағындағы ЮНЭЙДС-тың АИТВ, ТБ және гепатит бойынша арнайы кеңесшісі Мишель Казачкин; ШЕОА INTERACT 2019 тең төрағасы және жыл сайынғы INTEREST конференциясының тең төрағасы Кейт Хэнкинс; ШЕОА INTERACT халықаралық комитетінің мүшесі, "Психиатрия-наркология" Минск облыстық клиникалық орталығының бас дәрігері Алексей Александров; медицина ғылымдарының докторы, ШЕОА INTERACT халықаралық комитетінің мүшесі, УҚДСЗИ (Украин қоғамдық денсаулық саясатын зерттеу институты) негізін қалаушы және бас зерттеушісі Сергей Дворяк және тағы басқалар бар.

ШЕОА INTERACT жыл сайын өткізілетін іс-шара болады және барлық елдерден ғалымдарға өз жаңалықтарын көрсетуге мүмкіндік беру үшін ШЕОА аймағының түрлі мемлекеттерінде өтетін болады.

 

Фото және бейне (видео) есептерді мына сайттан көруге болады: www.afew.org.

барлық жаңалықтар »