Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы

  • ҚР ДСМ ҚДИАҒО резиденті Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, ҚР ДСМ ҚДИАҒО Жарғысын, ҚР ДСМ ҚДИАҒО ішкі тәртіп ережелері мен басқа нормативтік актілерді орындауы қажет.
  • ҚР ДСМ ҚДИАҒО резиденті Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, ұлттық мәдениетті, Қазақстанның тарихы мен мемлекеттігін білуі және құрметтеуі, институттың дәстүрлерін аялап сақтап дамыта беруі керек.
  • ҚР ДСМ ҚДИАҒО резиденті ҚР ДСМ ҚДИАҒО басқа резиденттерімен, оқытушыларымен және әкімшілігімен сөйлескен кезде сыпайылық, әдептілік танытуы керек. ҚР ДСМ ҚДИАҒО резиденті кез-келген адамды оның шығу тегіне және ұлтына, әлеуметтік мәртебесіне, діни және дүниетанымдық сенімдеріне қарамастан сыйлауы тиіс.
  • ҚР ДСМ ҚДИАҒО резиденті «ҚР ДСМ ҚДИАҒО резидентінің ар-намыс кодексін» бұзғаны үшін жауапқа тартылуы тиіс. Тәртіп бұзушылық байқалған жағдайда резидентке төмендегідей тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады: ескерту жариялау; сөгіс жариялап резидентурадан шығаруға дейін бару.
  • ҚР ДСМ ҚДИАҒО резиденті өзінің оқу міндеттерін қатаң сақтауы тиіс, этикалық, академиялық және құқықтық тәртіп бұзушылыққа жол бермеуі тиіс, соның ішінде:
  • плагиат;
  • өтірік алдау;
  • шпаргалка қолдану, білімді бағалаудың әртүрлі формаларының барлық кезеңдерінде көшіру және сыбырлап айту;
  • жоғарырақ баға алу үшін туысқан немесе қызметтес таныстарын араға салу;
  • парақорлық;
  • оқытушыны алдау және оны сыйламау;
  • себепсіз сабақтан қалу немесе кешігу.
  1. ҚР ДСМ ҚДИАҒО резиденті ҚР ДСМ ҚДИАҒО мүліктерін қорғауға ат салысуы және оның аймағындағы вандализм оқиғаларына жол бермеуі тиіс.
  2. ҚР ДСМ ҚДИАҒО резиденті институттың кітапханалық-ақпараттық ресурстарын мәпелеп, оларға зиян келуіне жол бермеуі тиіс.
  3. ҚР ДСМ ҚДИАҒО резиденті таза жүруі керек, оның сыртқы келбеті этикалық нормаларға сәйкес болуы тиіс.
  4. ҚР ДСМ ҚДИАҒО резиденті салауатты өмір салтын ұстануы керек, өзінің мәдени, рухани және тән саулығының деңгейін жоғарылатуға ұмтылуы тиіс, институттың қоғамдық-мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсене қатысуы тиіс.
  5. ҚР ДСМ ҚДИАҒО резиденті институт ішінде де, одан тыс та заңға қайшы әрекеттерге жол бермеуі тиіс.
  6. ҚР ДСМ ҚДИАҒО резиденті еліміздің тұрақтылығына нұқсан келтіретін ақпараттың таралуына жол бермеуі тиіс, рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингтерге, ереуілдерге, акцияларға және шерулерге қатысуына болмайды.
  7. ҚР ДСМ ҚДИАҒО резиденті институттың мүддесіне қарсы келетін, ҚР ДСМ ҚДИАҒО имиджі мен абыройына зиян келтіретін қандай да бір іс-әрекетке қатысудан бас тартуы тиіс.
  8. ҚР ДСМ ҚДИАҒО резиденті, Кодекс ережелерінің бұзылуын байқаған кезде оны өз күшімен алдын алуға тырысуы керек немесе бұл туралы өзін-өзі басқару органдарына (резиденттердің кәсіподақ комитеті) немесе әкімшілікке хабарлауы тиіс.