QDIAǴO týraly

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.09.2018 жылғы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің "Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен бірігу жолымен қайта ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.